Мерзімді басылымдардың электронды нұсқаударымен таныс болыңыз!
«Білім кені» журналы
«Білім кені» Журналы Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникация
министрлігі
Байланыс, ақпараттандыру және
бұқаралық Ақпарат құралдары
саласындағы мемлекеттік
Бақылау комитетінде 27.11.2018
жылы тіркеліп, тіркеу туралы
№17380-Ж куәлігі берілген.
Журналдың ресми тіркеуі


Біз туралы
«Білім кені» журналы: «Білім кені» республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде 2018 жылғы 27 қарашада тіркеліп, №17380-Ж куәлігі берілген. Журналдың меншік иесі – ЖК «Білім кені». Басылымның директоры-Бас редакторы Жазира Жеңісқызы. Журналдың негізгі мекен-жайы Қызылорда қаласында орналасқан: Бәйсейітова көшесі 101 үй. Байланыс телефондары: +7 707 510 08 91, 8 778 380 53 74. Электрондық пошта арқылы байланысу үшін: zhazira_0091@mail.ru. Журнал 1000 дана таралыммен жарық көреді. Барлық материалдар «Жиенай» баспаханасында теріліп, басып шығарылады.
«Білім мәртебесі» журналы: «Білім мәртебесі» республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде 2019 жылғы 10 қазанда тіркеліп, №KZ47VPY00015867 куәлігі берілген. Журналдың меншік иесі – ЖК «Білім мәртебесі». Басылымның директоры Ербол Түркмен, ал бас редакторы – Қанжар Мырқы. Журналдың негізгі мекен-жайы Қызылорда қаласында орналасқан: Бәйсейітова көшесі 100 үй. Байланыс телефондары: +7 707 510 08 91, 8 778 380 53 74. Электрондық пошта арқылы байланысу үшін: zhazira_0091@mail.ru. Журнал 1000 дана таралыммен жарық көреді. Барлық материалдар «Принт» баспаханасында теріліп, басып шығарылады.
Біздің мақсатымыз
«Білім мәртебесі» республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналының басты мақсаты – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіруге үлес қосу, республика педагогтарының шығармашылық әлеуетін арттыру және инновациялық әдістерін дамыту. Журнал арқылы педагогикалық тәжірибелерді насихаттау, дарынды оқытушылар мен жастардың ғылыми ізденістерін қолдау, білім беру саласында озық жобалар мен жаңашыл идеяларды жарыққа шығару көзделеді. Еліміздің білім мен ғылым саласының дамуына ықпал ете отырып, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағытында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосу – журналдың негізгі ұстанымы.
Біздің міндетіміз
Педагогика саласындағы инновациялық әдістерді насихаттау және республика көлеміндегі ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған ақпараттық-әдістемелік материалдарды жарыққа шығару.
Республикалық деңгейде педагогикалық байқаулар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен кәсіби конкурстар ұйымдастырып, ұстаздардың шығармашылық әлеуетін арттыру.
Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды насихаттау, патриоттық сананы қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жобаларды қолдау.
Республиканың әр өңіріндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, орта білім беру мекемелері және колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогикалық жетістіктерін көпшілікке жеткізу.
Білім саласына арналған ғылыми-әдістемелік басылымдарды шығару арқылы мұғалімдер мен оқушылардың кәсіби және шығармашылық дамуына жағдай жасау.
Заманауи білім беру үрдістерін енгізу мақсатында педагогикалық зерттеулер мен озық тәжірибелерді жинақтап, жариялау.
Жас педагогтардың кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейту және оларды үздіксіз білім алуға ынталандыру.